“Бұл экономика заңы“. Астанада LRT бекеттері маңындағы тұрғын үйлер қымбаттауы мүмкін

“Бұл экономика заңы“. Астанада LRT бекеттері маңындағы тұрғын үйлер қымбаттауы мүмкін Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Елордада Astana LRT маңындағы тұрғын үйлер бағасы қымбаттауы мүмкін. Мұндай пікірді "City Transportation Systems" (CTS) компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев білдірді, деп хабарлайды TengriHome тілшісі.

Елордада Astana LRT маңындағы тұрғын үйлер бағасы қымбаттауы мүмкін. Мұндай пікірді "City Transportation Systems" (CTS) компаниясының басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев білдірді, деп хабарлайды TengriHome тілшісі.

LRT бекеттерінің бірінде өткен брифинг кезінде Дүйсебаевтан қоғамдық көлік қолжетімділігіне байланысты LRT маңындағы баспана қымбаттауы мүмкін бе деген сұрақ қойылды.

"Мен LRT-ны дамытып жатқан жерлерге (осындай көлігі бар қалаларға – ред. еск.) барғанымды айтқан болатынмын. Бұл экономика заңы – метро немесе LRT бар жерде жылжымайтын мүлік қымбаттайды. Қытайда бір компания бар: олар LRT-ны, шартты түрде айтқанда, далаға салады, содан кейін оның маңындағы жер учаскелерін сатады", - деп жауап берді Асылбек Дүйсебаев.

Жарнама
Жарнама

Компания басшысының пікірінше, LRT-ның іске қосылуы елорданың ғана емес, бүкіл Қазақстанның имиджіне оң әсер етеді.

"Қаланың керемет көрінісі ашылатынына бүгін өздеріңіздің де көздеріңіз жетті. Бұл елордаға ғана емес, жалпы Қазақстанға оң әсер етеді. Біз осы аптада іске қосып жатқан мұндай жобаның елімізде барына мақтана аламыз деп есептеймін", - деп толықтырды Дүйсебаев.

Бұған дейін CTS LRT-ның тұрақты жолаушылар тасымалы осы демалыс күндері, 16-17 мамырда басталатынын хабарлаған болатын.

Сондай-ақ Астанадағы LRT ескі вокзалға дейін ұзартылады.

Еске сала кетейік, сәуірде сарапшылар LRT-ның іске қосылуы Астанадағы жылжымайтын мүлік нарығына қалай әсер ететінін бағалаған болатын. Кейбір сарапшылар желі маңындағы тұрғын үйлердің нарықтық тартымдылығы сәл төмендеуі мүмкін деп қауіптенсе, басқалары баға неге арзандамайтынын түсіндірді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама