Қазақстандағы тұрғын үйді сатып алу-сату нарығы жанданды. Қандай жылжымайтын мүлік трендте?

Қазақстандағы тұрғын үйді сатып алу-сату нарығы жанданды. Қандай жылжымайтын мүлік трендте? Фото:depositphotos.com

2026 жылдың маусымында қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату бойынша 39 мың мәміле жасады. Мамырмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 28,4 пайыз артты. Сонымен қатар өсім еліміздің барлық өңірінде байқалды. Көпшілік қандай пәтер таңдайды? Қазір жеке үй сатып алуға сұраныс жоғары ма? Толығырақ TengriHome материалында.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату: 2026 жылғы маусым бойынша статистика

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, кейбір өңірде сатылым белсенді болып, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу саны айтарлықтай өскен. Мәселен, Маңғыстау облысында - 67,4 пайыз, Қарағанды облысында - 43,4 пайыз, Атырау облысында - 40,9 пайыз өсім тіркелді. Дегенмен, жасалған мәмілелер көлемі бойынша көшбасшы орындарда әлі де келесі өңірлер тұр:

Жарнама
Жарнама
  • Алматы (6 841 мәміле - 17,5 пайыз);
  • Астана (6 436 мәміле - 16,5 пайыз);
  • Қарағанды облысы (3 772 мәміле - 9,7 пайыз).

Тізім соңында - Ұлытау облысы. Мұнда небәрі 360 келісімшарт жасалған.

Қазақстанның қай қалаларында пәтер көп сатылды?

2026 жылдың мамырымен салыстырғанда, маусымда пәтер сатып алу мен сату көрсеткіші 25,9 пайыз өсіп, 6 051 мәміле болды. Жалпы алғанда, бір ай ішінде нотариус қызметіне 29 432 рет жүгінген. Бұл тіркелген құжаттар жалпы санының 75,4 пайызы.

Сату статистикасына сүйенсек, көпқабатты үйлердегі баспана мына қалалардың тұрғындарына көбірек керек:

  • Астана - мәмілелердің 21,4 пайызы;
  • Алматы - мәмілелердің 21,2 пайызы;
  • Қарағанды облысы - 10,5 пайыз.

Айта кетерлігі, көбіне бір бөлмелі пәтер сатып алынған. Маусымда олар бойынша 11 348 мәміле тіркелді.

Жеке үйлер қай жерде өтпей жатыр?

Жеке үйлер бойынша да сатып алу-сату көрсеткіші жоғарылады. Мәміле саны 2 582-ге артып, өсім 36,7 пайыз болды. Өткен айда барлығы 9 621 келісімшарт рәсімделді. Өсім еліміздің барлық өңірінде байқалды, тек Шығыс Қазақстан облысында мәміле саны 1,4 пайыз азайған.

Тағы оқыңыз:

Үлкен жеңілдіктер - күдікті белгі. Пәтер сатып алмас бұрын құрылыс салушыны қалай тексеруге болады?

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама