Қазақстандықтар Дубайдағы жылжымайтын мүлік үшін салық төлеуі керек пе? МКК жауап берді

Қазақстандықтар Дубайдағы жылжымайтын мүлік үшін салық төлеуі керек пе? МКК жауап берді Фото:depositphotos.com

Біріккен Араб Әмірліктерінде немесе басқа елде мүлкі бар қазақстандықтар ол үшін Қазақстанда салық төлеуі керек пе? Мұндай сауал мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Гүлмира Смағұловаға қойылды, деп хабарлайды Tengri Home тілшісі.

Біріккен Араб Әмірліктерінде немесе басқа елде мүлкі бар қазақстандықтар ол үшін Қазақстанда салық төлеуі керек пе? Мұндай сауал мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Гүлмира Смағұловаға қойылды, деп хабарлайды Tengri Home тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстаннан тыс жердегі жылжымайтын мүлік бұл нормалар аясына кірмейді.

"Бізде ел аумағында орналасқан мүлікке ғана мүлік салығы салынады", - деп түсіндірді Гүлмира Смағұлова брифингте.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлік ерлі-зайыптының ортақ меншігінде болған жағдайда салық қалай есептелетінін түсіндірді.

Смағұлованың айтуынша, мұндай жағдайда салық нысан иелерінің біріне ғана есептеледі.

"Егер мүлік ерлі-зайыптының ортақ меншігі болса, онда салық нысан иелерінің біреуіне ғана ұсынылады", - деп атап өтті ведомство өкілі.

Ол бұл жерде мәселе жеке "сән-салтанат салығы" туралы емес, жаңа Салық кодексінде қарастырылған құнды мүлікке салынатын жоғарылатылған салық туралы болып отырғанын еске салды.

Жаңа ережелерге жиынтық құны 450 миллион теңгеден асатын жылжымайтын мүлік ілігеді. Алайда мұндай есептеулер алғаш рет 2027 жылы ғана пайда болады, өйткені мүлік салығы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша төленеді.

Бұдан бөлек, Салық кодексі Қазақстанға әкелінген кезде сән-салтанат заттары болып саналатын қымбат тауарлар тізбесін белгіледі. Соның ішінде, құны 18 мың АЕК-тен асатын автокөліктер осы санатқа жатады - бұл 2026 жылғы жағдай бойынша шамамен 77,9 миллион теңге.

"Егер құны 18 мың АЕК-тен асатын автокөлік әкелінсе, ол сән-салтанат заты болып саналады", - деп түсіндірді Гүлмира Смағұлова.

Сондай-ақ құны 24 мың АЕК-тен (шамамен 103,8 миллион теңге) асатын яхталар мен ұшақтар сән-салтанат заттары деп танылады. Сонымен қатар литрі 500 мың теңгеден асатын қымбат алкогольге қосымша акциз салынады. Тізімге кейбір темекі өнімдері де енді. Мысалы, егер бір дана сигара құны 10 мың теңгеден асса, мұндай өнім де жоғарылатылған салыққа ілігеді.

Сән-салтанат заттарының аталған барлық санаты үшін құнының 10 пайызы мөлшерінде акциз мөлшерлемесі белгіленген.

Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті жақын арада қазақстандықтарға мүлік салығын төлеу қажеттігі туралы хабарлама келетінін ескерткен болатын. Оны 1 қазанға дейін дейін өтеу қажет, әйтпесе өсімпұл есептеледі.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама