ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 маусым 2026 19:23
Қазақстандықтарға жылжымайтын мүлік техпаспортын алу жеңілдетілді: нұсқаулық
25 маусымнан бастап қазақстандықтар жылжымайтын мүлік техпаспортына eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тапсырыс бере алады, деп хабарлайды TengriHome.
Қызмет 2026 жылғы 1 маусымнан бастап онлайн форматқа ауыстырылған. Бірақ осыған дейін eGov.kz электронды үкімет порталында ғана қолжетімді болатын.
eGov Mobile-де техпаспортты қалай алуға болады?
eGov Mobile қосымшасында авторлану.
- Басты беттегі "Мемлекеттік қызметтер" - "Жылжымайтын мүлік және ТҮКШ" бөліміне өту.
- "Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру" қызметін таңдау.
- Қажетті мәліметті толтыру.
- Өтінімге қол қою.
Құжат eGov Mobile-да қолжетімді болады.
eGov.kz порталында техникалық паспортты қалай алуға болады?
- eGov.kz порталында авторлану.
- Басты беттегі "Азаматтарға" - "Жылжымайтын мүлік" бөліміне өту.
- "Тұрғын үй қатынастары" бөлімін - "Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру" қызметін таңдау.
- Барлық қажетті мәліметті толтыру.
- Өтінімге қол қою.
Құжат жеке кабинетте қолжетімді болады.
Тағы оқыңыз: Жаңа үйдің қабырғасы сөгілсе, құрылыс салушы нені жөндеуге міндетті?
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу