ПОДЕЛИТЬСЯ
04 сәуір 2022 | 14:15
"151 мың оқырманы бар". Желіде парақшасын белсенді жүргізетін министр кім?
Министрлер қандай әлеуметтік желілерде отырады? Қанша оқырманы бар? Қай министр Желідегі парақшасын белсенді жүргізеді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасап көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Министрлер қандай әлеуметтік желілерде отырады? Қанша оқырманы бар? Қай министр Желідегі парақшасын белсенді жүргізеді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасап көрді.
Премьер-министр қай желіге тіркелген?
Кеше ғана премьер-министр Әлихан Смайылов Facebook әлеуметтік желісінде жеке парақша ашқан еді.
"Қымбатты достар! Facebook-те жеке парақшамды аштым. Жазылыңыздар, сұрақ қойыңыздар, идея ұсыныңыздар. Мүмкіндігінше сауалдарыңызға жауап беріп, қажетті шешімдерді қабылдаймын.
Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын!" - деп жазды Смайылов Facebook-парақшасында.
Оның бұл жазбасына халық пікір білдіріп, өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойған. Кейінірек Смайылов оқырмандарына алғыс білдіріп, маңызды мәселелер міндетті түрде талқыланатынын айтты.
"Достар, белсенділік танытып, сұрақ қойып жатқандарыңызға алғыс білдіремін. ҚР премьер-министрі кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім. Өкінішке қарай, жұмыс бабына байланысты сіздердің барлық сұрағыңызға жеке жауап бере алмауым мүмкін. Десе де ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайтынын және оларға құзырлы органдар міндетті түрде жауап беретінін жеткізгім келеді", - деді премьер-министр.
Айта кетейік, қазір Үкімет басшысының парақшасына 19 847 адам тіркеліп үлгерген.
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Facebook әлеуметтік желісіне тіркелген. Ол кейінгі жазбасын 6 ақпанда жариялаған.
Премьер-министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Twitter желісінде тіркелген. Кейінгі жазбасын былтыр 16 қарашада бөліскен. Ол Желіге 2020 жылы сәуірде тіркелген. 37 оқырманы бар.
Желіде парақшасын белсенді жүргізетін министр кім?
Желіде парақшасын белсенді жүргізетін министр - білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Оның Facebook, Instagram желілерінде парақшасы және Telegram-арнасы бар.
Ол Facebook желісіне Askhat Aimagambetov деген парақшамен 2009 жылы қаңтарда тіркелген. Қазір 49 618 оқырманы бар.
Ал Instagram желісіндегі парақшасы - aimagambetov. Оның 151 мың оқырманы бар. Өзі 12 парақшаға тіркелген.
Ал Telegram-да 16 113 адам тіркелген. Арнаға 12 сурет, 1 видео жүктелген. Кейінгі жазбасы 2 сәуірде жарияланған.
Басқа министрлер қандай әлеуметтік желіні пайдаланады?
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың (Giniyat Azhar) Facebook желісінде парақшасы бар. Оған 1 718 адам тіркелген.
Ал мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook желісіне 2016 жылы мамырда тіркелген. Оның 18 248 оқырманы бар. Кейінгі жазбасында спортшылардың жетістігі туралы қорытынды жасаған.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс барысын ғана емес, отбасылық суреттерін де жүктеп отырады. Ол 2014 жылы сәуірде Facebook желісінде парақша ашқан. Айта кетейік, оның қазір 32 168 оқырманы бар. Кейінгі жазбасында ата-анасымен ауыз ашып отырған сәттің суретін жариялаған.
Министрдің Instagram желісінде де парақшасы (bagdatmussin) бар. Ол Желіге 440 жазба жүктеген, 61 мыңнан аса оқырманы бар. Өзі 54 парақшаға тіркелген.
Министр оқырмандарымен отбасындағы қуанышты жаңалықтарды да бөлісіп отырады.
"Баспасөз маслихатында қойылып жатқан сауалдардан емес, өмірімдегі ең бақытты сәтті күту сезімінен қобалжып отырдым. Сүйінші! Біз бесінші рет ата-ана атандық", - деп жазды ол Желіде.
Бағдат Мусин (@BagdatMussin) Twitter желісіне 2011 жылы мамырда тіркелген. Онда 4 514 оқырманы бар.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев (@S_Brekeshev) Twitter желісіне 2021 жылы қарашада тіркелген. Өзі 41 парақшаны оқиды. Сондай-ақ, 70 оқырманы бар. Кейінгі жазбасы 18 мамырда жүктелген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также