АҚШ-та түсірілген видео қазақстандықтарды шошытты

Сурет: instagram.com/akimat_mangystau

Маңғыстау облысының әкімдігі қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың видеосына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының әкімдігі қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың видеосына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан бейнежазба Маңғыстауда, жалпы Қазақстанда түсірілмеген. Еліміздің Қорғаныс министрлігіне хабарласып, сұрадық. Ведомство өкілдері қызыл түсті сұйықтық шашып жүрген ұшақтың министрлікке тиісті емес екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл ұшақ Америка Құрама Штаттарына тиесілі. Әдетте Америкада өртті сөндіру үшін суға қызыл түсті бояу қосылады. Бұл су шашылған аумақты алыстан көру үшін жасалады екен", - делінген хабарламада.

Әкімдік жалған ақпарат таратқандар үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске салды.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама