13 тамыз 2021 | 11:00

Алматы GPON желісінің игілігін көруде

"Қазақтелеком" қазіргі заманғы GPON технологиясы бойынша таратылатын жүйрік интернетке Алматының тағы бір тұрғын үй кешенін қосты. Falcon City тұрғын үй кешенінің 200-ге жуық пәтер иесі түрлі коммуналдық қызметтермен бірге пакеттегі кең жолақты интернетке, цифрлық телевизияға және IP-телефонияға қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақтелеком" қазіргі заманғы GPON технологиясы бойынша таратылатын жүйрік интернетке Алматының тағы бір тұрғын үй кешенін қосты. Falcon City тұрғын үй кешенінің 200-ге жуық пәтер иесі түрлі коммуналдық қызметтермен бірге пакеттегі кең жолақты интернетке, цифрлық телевизияға және IP-телефонияға қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

GPON технологиясы - талшықты-оптикалық кабельдің бір түрі, осы желінің толық стандартталған және келешегі зор нұсқасы. Сым провайдердің жабдықтарынан тікелей абоненттің пәтеріне дейін тартылады. Жыл басынан бері "Қазақтелеком" мегаполистің 10-ға жуық жаңа көппәтерлі үйін сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, 5000-нан астам пәтер GPON технологиясы бойынша телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізді.

Артықшылығы, Falcon City тұрғын үй кешеніндегі барлық қызмет GPON технологиясы бойынша ұсынылатынында, бұл бір желі бойынша деректерді берудің жоғары жылдамдығымен қызметтердің толық спектрін ұсынуға мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

"Біздің абоненттеріміз үшін кең жолақты интернет, цифрлі теледидар, IP-телефония қызметтері қолжетімді. Абоненттер арасында TV+ қосымшасына үлкен қызығушылық бар, бұл қызмет кез-келген құрылғыдан – телефоннан, теледидардан, планшеттен, отбасының барлық мүшелеріне бір уақытта бағдарламалар мен фильмдерді көруге мүмкіндік береді. Бұл қосымша дәстүрлі теледидармен қоса, жазылу арқылы ашылатын фильмдер мен сериалдарға біріктірген, барлық мазмұн санаттарға бөлінген, сондықтан әр тұтынушы өзін қызықтырған тақырыпты тез табады", - деп атап өтті "Қазақтелеком" АҚ филиалы – "Алматытелеком" ӨТД сегментінің В2С коммерциялық директоры Найла Әбділдаева.

Айта кетейік, жыл басынан бері "Қазақтелеком" ұсынған TV + қызметіне Алматы қаласы мен облысы бойынша 13 000-нан астам абонент қосылған. Бұл қызметке қосыла отырып, пайдаланушылар Amediateka сериалдар пакетіне, "TV+" және "Қазақстанда жасалған" фильмдер пакетіне шексіз қол жеткізе алады. Сондай-ақ, тематикалық телебағдарламалар мен кинофильмдер жазбаларының мұрағатына қолжетімділік бар, қосымша құрылғыларды қосу мүмкіндігі де қарастырылған.

Қазіргі уақытта "Қазақтелеком" АҚ Алматы бойынша телекоммуникация қызметтерінің ең көп ұсынған компания деңгейіне ие. 11 мыңнан астам көппәтерлі үйдің 97 пайызы сымды интернетке қосылған. Осы жаз маусымының соңына дейін телеком-оператор "Жандосов", Alatau Golf Residences тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді жоғары жылдамдықты интернетке қосуды жоспарлап отыр, ал жыл соңына дейін 1,5 мыңнан астам абонентті жүйрік интернетпен қамтамасыз етпек.

"Біз өтінімдерді өңдеу процесін барынша оңтайландырдық, пайдаланушы біздің цифрлық арналар арқылы өтініш қалдырғаннан кейін, бір күн ішінде қажетті қызметті пәтерге қоса аламыз. GPON технологиясы бүгінде абоненттердің барлық заманауи талаптарына жауап береді, өйткені, олар бір уақытта сапаны жоғалтпай қызметтер кешенін пайдалана алады", - дейді "Қазақтелеком" АҚ филиалы - "Алматытелеком" ӨТД B2C белсенді сату орталығының бас маманы Ербол Аманжолов.

Сонымен қатар, Falcon City тұрғындары таңдалған тарифтік жоспарға байланысты үй интернетін 200-ден 500 Мбит/с жылдамдықпен және 175 арнадан тұратын цифрлық интерактивті теледидармен пайдалануға мүмкіндігі бар. Мұнымен GPON желісінің артықшылығы аяқталмайды: бұл технологияны пайдалану осы көп пәтерлі үйдің тұрғындарына көрсетілетін қызметтер пакетін бейнебақылау, телеметрия (деректерді қашықтан басқару көздерінен бақылау және талдау үшін IT жүйесіне автоматты түрде беру) және күзет дабылы сияқты қызметтермен толықтыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындар да жоғары сапалы интернетке оң бағасын беріп отыр.

"Мен үйде жоғары жылдамдықты интернет болғанын қалаймын, себебі фильмдерді үздіксіз көргенді ұнатамын, сонымен қатар телекоммуникация қызметтерін ұсынатын компаниялар арасында таңдау "Қазақтелекомға" түсті. Біз Ultra тарифін қостық: қазір фильмдерді интернет арқылы жазылым жасап көремін, ал інім TV+ арқылы отандық және шетелдік арналарды көреді. Маған TV + - те ең ұнағаны- онда телеарналар мен бағдарламалар әртүрлі санаттарға бөлінген, сонымен қатар SmartTV арқылы басқаруға ыңғайлы", - дейді Falcon City ТК тұрғыны Қуаныш Шернияз.

Компания қызметтерін қосуға өтінім қалдыру және тарифтер мен қосылу шарттары туралы толығырақ telecom.kz порталында білуге болады, сонымен қатар, WhatsApp мессенджерінде +77080000160 нөмірі бойынша ақпарат алуға болады.

Серіктестік материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная