Алматы облысындағы құйынның видеосы жұрттың үрейін қашырды

Видеодан алынған кадрлар

Әлеуметтік желілерде ағаштарды құлатқан құйынның видеосы тарап жатыр. Кадрлар жұрттың үрейін қашырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде ағаштарды құлатқан құйынның видеосы тарап жатыр. Кадрлар жұрттың үрейін қашырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз адамдардың мәлімдеуінше, құйын Алматы облысы Райымбек ауданында болған.

"Жер полюстері ауысып жатыр", "Сұмдық, Құдай сақтасын", "Ақырзаман жақындады", - деп пікір жазған Желі қолданушылары.

Реклама
Реклама

Алматы облысы Райымбек ауданы әкімдігінің өкілдері биыл мұндай дауыл болмағанын хабарлады.

"Видео соңындағы құлаған ағаштар расымен біздің ауданда, былтыр шілдеде түсірілген. Ал бас жағындағы құйынның видеосы монтаждалған болуы керек. Еске салайық, 2020 жылы 3 шілдеде сағат 17:00-де Ойқарағай сілемінде дауыл болды. Салдарынан 32,7 куб метр Шренк шыршасы зақымдалды. Кейінірек құлаған ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді", - деп мәлімдеді Райымбек ауданы баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, 2020 жылы 2 мамырды Түркістан облысы Ордабасы ауданы Аққойлы ауылында құйын болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама