28 шілде 2017 16:41

Алматыда бірнеше ірі компания Интернетсіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Панфилов көшесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде интернет-провайдерлердің кабель сымдарында ақау пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Панфилов көшесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары кезінде интернет-провайдерлердің кабель сымдарында ақау пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Панфилов көшесінде жер қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты ақау пайда болды деп болжап отырмыз. Қазір онда жұмыс істеп жатырмыз. Басқа провайдерлерде де проблемалар болуы мүмкін. Бір кабельде ғана ақау болуы мүмкін емес. Себебі олардың барлығы бір желіде. Ақаудың нақты қай жерден болғаны белгісіз. Көшенің біраз жері қазылды. Кабельді байқамай кеткен болуы керек", - деді интернет-провайдерлердің бірінің директоры Хасан Екубов.

Оның айтуынша, кабель сымдарындағы ақауды қалпына келтіруге әдетте шамамен үш сағат кетеді.

"Біздің адамдар қазір сол жақта жүр, тексеріп жатыр. Маған қазір байланысты қалпына келтіру керек. Проблеманы шешкен соң бұған кімнің жауапты болғанын білетін боламын. Кімге шағымдану керектігін анықтап, осы мәселемен айналысамын. Біраз адам Интернетсіз қалды. Менің корпоративтік клиенттерім де бар", - деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ, Қазпошта бөлімшелерінде де Интернеттің істемей қалғаны айтылады. "АТФ банкінің"бес бөлімшесі де Интернетсіз қалды.

"Жол жөндеу жұмыстарын жүргіщу кезінде "АТФ банкінің" коммуникациялар жүйесінде ақаулар пайда болды. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақын арада байланыс қайта қалпына келтіріліп, банк штаттық тәртіпте жұмыс істейді", - деп хабарлады банктің баспасөз қызметіндегілер.

Ғылыми-консультациялық орталықтың директоры Евгений Малишевский, провайдерлерде өтемақы өндіріп алуға мүмкіндік бар екенін айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети