19 ақпан 2021 08:57

Apple 6G әзірлеу үшін қызметкерлер іздеп жатыр - БАҚ

Америкалық Apple корпорациясы 6G байланысын әзірлеу үшін мамандарды іздеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Apple корпорациясы 6G байланысын әзірлеу үшін мамандарды іздеп жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Компания осы аптада қазіргі және жаңа буын желілері үшін сымсыз жүйелерді зерттеуші инженерлерді іздеу туралы хабарландыру жариялады", - деп жазады Блумберг агенттігі.

Компания бос жұмыс орындары туралы хабарламасында Кремний алқабындағы және Сан-Диегодағы Apple кеңселеріндегі лауазымдарды көрсеткен. Онда компания сымсыз технологиялар мен чиптерді әзірлеп жатыр. Сондай-ақ, хабарландыруда 6G саласындағы әзірлемелер туралы жазылған.

Реклама
Реклама

1976 жылы құрылған Apple жеке және планшет компьютерлер, аудио ойнатқыштар, телефондар, смарт-сағаттар және бағдарламалық жасақтама шығарумен айналысады. 2020 жылдың қазан айында компания 5G мобиль желісін қолдайтын iPhone смартфондарын ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram