10 қыркүйек 2024 | 08:25

Apple жаңа iPhone 16 смартфондарын таныстырды

Фото: apple.com

Америкалық Apple корпорациясы iPhone 16 сериялы смартфондарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық Apple корпорациясы iPhone 16 сериялы смартфондарын таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Apple iPhone 16 сериялы смартфондарын, атап атсақ, iPhone 16 Plus, iPhone 16 Pro және iPhone 16 Pro Max өнімдерін таныстырды. Тұсаукесер компанияның ресми сайтында көрсетілді.

Жаңа iPhone 16 Pro желісі бұрынғыдан да үлкенірек және жылдамырақ. Гаджеттің жаңа нұсқасы Apple Intelligence үшін арнайы әзірленген. Жасанды интеллект қолдауы бар жаңа A18 процессоры iPhone 15-те қолданылатын A16 чипінен 40 пайызға жылдамырақ жұмыс істейді.

Реклама
Реклама

"Apple-дің смарт мүмкіндіктері Siri үшін жаңа дәуірдің басталғанын хабарлайды және тілді тереңірек түсіну арқылы оны табиғи, контекстік тұрғыдан маңызды етеді", - деді Apple компаниясының бағдарламалық қамтамасыз ету инженериясының аға вице-президенті Крейг Федериги.

Федеригидің айтуынша, Siri енді пайдаланушылардың мәтіндік хабарламаларынан ақпарат жинай алады, яғни ол достарыңыз жіберген теледидар мен музыка ұсыныстарын жадында сақтайды.

Жаңа смартфон жаңартылған дизайнмен жабдықталған. Камера линзаларының орналасуы өзгертілді. Сонымен қатар құрылғының дисплейі алдыңғы үлгіге қарағанда 50 пайызға күшті және оның максималды жарықтығы 2000 нитке дейін өсті.

iPhone 16 Pro желісі 0,2 дюймге үлкенірек.

Компания жаңа iPhone 16 - 799 доллардан, ал iPhone 16 Plus - 899 доллардан басталатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Бүгін Отбасы күні
Орны бөлек оңалту орталығы