26 қазан 2022 15:29

Астана мен Алматыда TikTok өкілдігі ашылады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

TikTok Астана мен Алматыда өкілдік ашады. Бұл туралы TikTok Global Business Solutions-тың Шығыс Еуропадағы директоры және TikTok Kazakhstan-ның болашақ басшысы Анастасия Панина мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Astana Media Week кулуарында журналистер сұрағына жауап берген Панина Қазақстанда шығармашылық аудитория үшін үлкен алаң қалыптасқанын атап өтті.

"Қазақстандағы аудитория шығармашылыққа бейім және адамдар платформаны ұтымды пайдаланады. Жаңа контент жасап жатқан көптеген музыкант, мұғалім, жас аналарды байқаймыз. Біз қоғамдастыққа жақын болғымыз келеді. Сондықтан биыл күзде Қазақстанда өкілдік ашқалы отырмыз. TikTok-тағы контентті барынша қызықты және пайдалы етіп, білім беру ұйымдары, мемлекетпен бірге көбірек жобаларды шығаруға қуанышты боламыз", - деді Анастасия Панина.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, TikTok шығармашылық аудитория арқасында Қазақстанда айтарлықтай танымал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram