ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қаңтар 2019 | 10:15
CS:GO-дан қазақстандық команда бір миллион долларға таласады
CIS Minor Championship - Katowice 2019 турнирінде қазақстандық AVANGAR командасы бірінші орын иеленді. Финалда Қазақстаннан шыққан ойыншылар Winstrike Team командасын 2:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірінші орын үшін қазақстандық ойыншылар 30 мың АҚШ долларын және IEM - Katowice Major 2019 жарысында жолдама алды. Онда бас жүлдеге бір миллион доллар тігіледі.
We! Are! Qualified!
With 2-1 score our boys take their final CIS Minor match and receive the IEM Katowice 2019 Major spot.
Thanks for support y'all!#IEM #CSGO #Iemkatowice pic.twitter.com/VaXjQmk06Z
AVANGAR командасының құрамында төрт қазақстандық: Тимур Төлепов, Айдын Тұрлыбеков, Алексей Голубев, Бектияр Бақытов. Капитан - ресейлік Али Джами.
Counter-Strike: Global Offensive (CS:GO) көпқолданушылары бар компьютерлік ойын. CS:GO бұрынғы Counter-Strike және Counter-Strike:Source секілді киберспорттық тәртіп бойынша жүргізіледі. Ең үлкен турнир - major жарыстары.
Айта кетейік, 2017 жылы қазақстандық команда Краковта өткен киберспорт жарысында жеңімпаз атанып, 500 мың доллар ұтқан еді.
Показать комментарии
Читайте также