05 қыркүйек 2021 11:54

Дуров әлеуметтік желілердің ұсыныс алгоритмдері туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров жеке блогында әлеуметтік желілердің ұсыныс алгоритмдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров жеке блогында әлеуметтік желілердің ұсыныс алгоритмдері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ол жұрт "миын әлемді өзгертуге көмектесетін фактілермен емес, Netflix сериалдарымен немесе TikTok ұсынған роликтермен азық ететінін" айтты.

Оның ойынша, ойын-сауық пайдаланушылардың көркем әдебиетті шындықтан ажырату қабілетін жоғалтуға, сондай-ақ жоқ проблемалар туралы ойлануға әкеледі.

Реклама
Реклама

"Біз күнделікті шығармашылық адамы болуымыз үшін, нәтижелі болуымыз үшін миымызды алгоритмдер ұсынатын маңызы жоқ контенттен тазартуымыз керек. Егер біз шығармашылық еркіндікті қалпына келтіргіміз келсе, алдымен өз ақыл-ойымызды бақылауды қалпына келтіруіміз керек", - дейді Дуров.

Дуров адам миын ең қуатты құрал деп атады, сонымен қатар оны негізгі мәселелерді шешуге көмектесетін "нақты ақпаратпен" қоректендіруге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram