Енді Google Translate қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады

Фото:elements.envato.com

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Google Translate сервисі енді қазақ тіліндегі дыбыстауды аудара алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Google Translate мобильді қосымшасының 22 ақпанда шыққан 6.17.0 жаңартылған нұсқасында қазақ тіліндегі дыбыстауды аударуға мүмкіндік беретін жаңа функция бар. Бұл туралы App Store-дағы "қандай жаңалық" қосымшасы бөлімінде жазылған.

Реклама
Реклама

Google Translate десктоп-нұсқаларында қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару әзірше іске қосылмаған.

Google Translate-те қазақ тіліндегі дыбыстауды аудару мүмкіндігі пайда болатыны туралы 2017 жылы хабарланған болатын. Қазақ тілін Vоісе-to-Text технологиясына демеуші есебінен қосу жоспарланып, оған төрт миллион теңге бөлді.

2014 жылғы желтоқсанда Google Translate жүйесіне қазақ тіліне мәтіндік аударма жасау қосылды.

жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама