11 қараша 2021 10:11

Енді YouTube-те дизлайк саны көрсетілмейді

Дина Шарипханова Корреспондент
©REUTERS

YouTube видео қанша пайдаланушыға ұнамағанын көрсететін функцияны алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания блогына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видео қанша пайдаланушыға ұнамағанын көрсететін функцияны алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания блогына сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, "ұнамайды" (Dislike) батырмасы видео хостингте қалады, бірақ оны басқандар саны өзгелерге көрінбейді. Өзгеріс 10 қарашадан бастап қолданысқа ене бастады.

"Осы деректерге сүйене отырып, YouTube-тегі "ұнамайды" батырмасын басқандар санын құпияда қалдырып отырмыз, бірақ батырма жоғалмайды. Бұл өзгеріс бүгіннен бастап, біртіндеп енгізіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

2021 жылдың көктемінде YouTube кейбір пайдаланушылар арасында тәжірибе өткізген. Эксперимент нәтижесінде пайдаланушылар дизлайк санын көрмегендіктен, оны басуды тоқтатқан. Сервис әзірлеушілерінің айтуынша, "ұнамайды" белгілері қаралымға іс жүзінде әсер етпейді.

"Біз бұл өзгерістерді белсенді түрде енгізіп жатырмыз, өйткені YouTube авторларды, әсіресе шағын авторларды қудалау мен жек көрушілік шабуылдарынан қорғауға жауапты", - деді компания өкілі.

Бұған дейін YouTube-те әлемде мақұлданған кез келген коронавирусқа қарсы вакцина туралы жалған ақпарат таратуға тыйым салынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram