Facebook суицидке бейім қолданушыларды анықтау жүйесін іске қосты

Facebook суицидке бейім қолданушыларды анықтау жүйесін іске қосты © ridus.ru

Facebook ?леуметтік желісі жасанды интелект ар?ылы ?зіне ?ол ж?мсау?а бейім пайдаланушыларды аны?тайтын болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Facebook әлеуметтік желісі жасанды интелект арқылы өзіне қол жұмсауға бейім пайдаланушыларды анықтайтын болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Арнайы алгоритм бойынша жүйе пайдаланушылардың жариялымдары мен оларға жазылған пікірлерден "жасырын дабылдарды" анықтап отырады. Жасанды интелект жазылған посттардан жан дүниедегі ауырлық пен қайғы туралы сөзді, ал пікірлерден достарының: "Бәрі жақсы ма?", "Сен үшін алаңдап отырмын" және осыған ұқсас сұрақтарын іздейді. 

Би-би-си мәліметі бойынша, механизм адамның көмекке мұқтаждығын анықтайды және кейін оны барлық мәліметті зерттеушілер тобына жібереді. Механизм суицидке бейім адамдарды видеотрансляция арқылы да анықтайтын деңгейге жеткізілмек. 

Жарнама
Жарнама

Бұл бағдарламаны жасаушы бөлімнің басшысы мұндай шаралардың пайдалы ғана емес, қажетті екенін айтады. Әзірше жоба АҚШ-та ғана іске қосылды. 

Сонымен бірге, Facebook психикалық саулықты қорғау ұйымдарымен бірлесе жұмыс істейді. Суицидке бейім пайдаланушылар психолог мамандармен платформалық месенджер арқылы шұғыл хабарласа алады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама