Facebook және Instagram "порномен өш алуға" қарсы күреседі

Facebook және Instagram "порномен өш алуға" қарсы күреседі © Investopedia

Facebook порно жариялау ар?ылы ?ш алумен к?ресетін ??ралды іске ?ос?анын м?лімдеді, - деп хабарлайды TJournal.

Facebook порно жариялау арқылы өш алумен күресетін құралды іске қосқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды TJournal.

Facebook басшысы Марк Цукерберг "порномен өш алу" (revenge porn) - бұрын бір-бірін сүйген адамдардың интим фото немесе видео арқылы өш алу және бопсалауға қарсы күресетін жаңа құралдардың іске қосылғанын мәлімдеді. 

Цукербергтің сөзінше, бұл жүйе Facebook, Facebook Messenger және Instagram желілеріне 6 сәуірде енгізілді. Компания суреттегі адамның келісімінсіз жарияланған интим суреттерді бұғаттайтын болады.

Реклама
Реклама

"Порномен өш алу - бұл сіздің келісіміңізсіз жарияланған кез келген сурет. Бұл дұрыс емес, бұл өте ауыр тиеді", - дейді ол. 

Facebook компаниясының жаһандық қауіпсіздік департаментінің басшысы Антигона Дэвис қолданушыларға наразылығын білдіру үшін "шағымдану" (Report) пернесін басса жеткілікті екенін айтады. Осыдан кейін намысқа тиетін материалдыр қарауға алынады. Бұзушылық анықталған жағдайда сурет бұғатталады. ал суретті бұғаттау қателік болды деген қолданушы аппеляцияға бере алады.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама