12 желтоқсан 2023 10:43

Google 2023 жылы жиі ізделген ақпараттар рейтингін ұсынды

Фото:depositphotos.com

Google 2023 жылғы ең танымал сұраулар рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Tengri Life.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Google 2023 жылғы ең танымал сұраулар рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Tengri Life.

Тізім 18 тақырыпқа бөлінген, олардың әрқайсында топ-10 іздеу тізімі бар. Олардың ішінде "Рецепттер", "Адамдар", "Актерлер", "Ойындар", "Музыканттар", "Теле-шоу" және т.б. бар.

"Жаңалықтар" санаты ("Оқиғалар")

Реклама
Реклама

Сұраныс саны бойынша ең танымал оқиға - Израиль мен Газадағы соғыс. Одан кейін: "Титан" батискафы апаты, Түркиядағы жер сілкінісі, сондай-ақ "Хилари" мен "Идалия" дауылдары.

Кей рейтингтегі үздік бестікке тоқталсақ. Толық тізімді мына сілтемеден табуға болады.

"Адамдар" санаты

  • Дамар Хэмлин;
  • Джереми Реннер;
  • Эндрю Тейт;
  • Килиан Мбаппе;
  • Трэвис Келси.

"Актерлер" санаты

  • Джереми Реннер;
  • Дженна Ортега;
  • Энносукэ Итикава IV;
  • Дэнни Мастерсон;
  • Педро Паскаль.

"Фильмдер" санаты

  • "Барби";
  • "Оппенгеймер";
  • "Солдат";
  • "Звук свободы";
  • "Джон Уик-4".

"Музыканттар" санаты

  • Шакира;
  • Джейсон Олдин;
  • Джо Джонас;
  • Smash Mouth;
  • Пеппино ди Капри.

"Әндер" санаты

  • "Idol" - Yoasobi дуэті;
  • "Try That in a Small Town" - Джейсон Олдин;
  • "Bzrp Music Sessions, Vol. 53" - Шакира;
  • "Unholу" - Сэм Смит және Ким Петрас;
  • "Cupid" - Fifty Fifty.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram