Google аэростаттардың көмегімен жер шарын Интернетпен қамту ойынан бас тартты

© Engadget

Google ж?не Alphabet б?лімшесі Project Loon жоспарын ж?зеге асырудан бас тартты, олар аэростаттарды? к?мегімен жер шарын Интернетпен ?амтамасыз еткісі келген. Оны? орнына олар сол ж?йе ар?ылы интернетті ?ажет ететін аудандарда ?ана ?амтамасыз етпекші, - деп хабарлайды TJournal.

Google және Alphabet бөлімшесі Project Loon жоспарын жүзеге асырудан бас тартты, олар аэростаттардың көмегімен жер шарын Интернетпен қамтамасыз еткісі келген. Оның орнына олар сол жүйе арқылы интернетті қажет ететін аудандарда ғана қамтамасыз етпекші, - деп хабарлайды TJournal.

Компаниядағылар шектеулі шарларды жіберу тиімді әрі табысты болатынын айтады. 

Project Loon басшысы Астро Теллер (Astro Teller) бұл жоспар табысты болатынына сенеді. 

Реклама
Реклама

"Project Loon алгоритмі кейбір шарлардың орнын ауыстырып, нақты бір өңірдің үстіне жиналатын болады. Осылайша интернетті қажет ететін аудандарда жасалады. Біз нақты бір өңірде интернетпен қамтуды бірнеше аптадан соң бастаймыз, себебі бізге аэростаттарды ұшырып, басқарып отыру үшін бір айға жетпес уақыт кетеді", - дейді Астро Теллер. 

Project Loon басшысының айтуынша, мұндай әрекет тезірек іске қосылып, мүмкін болады. Ол осы бірінші ұшырған кезде шамамен 10-нан 30-ға дейін аэростат жіберілуі мүмкін екенін айтты. 

Google компаниясы Project Loon жобасымен 2011 жылдан бері айналысып келеді. 2014 жылы компанияның инженерлері әр 15 минут сайын бір аэростаттан жіберіп отыратынын айтқан. Шардың әрқайсысы ауада алты ай бойы қызмет көрсетеді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама