ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2020 | 17:30
Google сервисінде жаңа функция пайда болды
Енді Google сервисін пайдаланушылардың болған мекенжайы мен іздеу тарихы автомат түрде жойылып отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz компанияның хабарламасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Енді Google сервисін пайдаланушылардың болған мекенжайы мен іздеу тарихы автомат түрде жойылып отырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz компанияның хабарламасына сілтеме жасап.
"Сіздің белсенділік туралы деректеріңіз 18 айдан кейін автомат түрде өшіріледі", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ енді аккаунттағы деректерді сақтаудың ең қысқа мерзімін - үш айды таңдауға болады және деректерді кез келген уақытта қолмен өшіруге болады.
Автомат өшіру опциясы YouTube-та да бар. Енді платформадағы пайдаланушылардың деректері мен қаралым тарихы 3-36 ай аралығында сақталады.
"Деректерді сақтаудың жаңа мерзімі Gmail, "Google Диск" және "Google Фото" өнімдеріне әсер етпейді. Себебі олар сіздің жеке контентіңізді шексіз пайдалануға арналған", - деп түсіндірілген хабарламада.
"Біз құрылғыны әзірлегенде үш принципке: деректердің қауіпсіздігі, жауапкершілікпен қарау және оларды бақылауға негізделеміз. Сіздің ақпаратыңыз сізге қашанға дейін керек болса, біздің құрылғыларымыз сонша сақтауы керек деп есептейміз", - деп жазылған Google компаниясының хабарламасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также