Google Translate сервисінде қазақ тілінің дыбыстық аудармасы пайда болады

Google Translate сервисінде қазақ тілінің дыбыстық аудармасы пайда болады © tdblog.ru

Google Translate сервисінде ?аза? тіліні? дыбысты? аудармасы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы Орталы? коммуникациялар ?ызметіні? брифингінде "?лтты? аударма бюросы" ?о?амды? ?орыны? ат?арушы директоры Рауан Кенжехан?лы айтты.

Google Translate сервисінде қазақ тілінің дыбыстық аудармасы пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы айтты.

Оның айтуынша, қазақ тілінің дыбыстық аудармасын енгізу жобасы коммерциялық емес жоба болып саналады.

"Біздің барлығымызға осы жүйеде қазақ тілінің болуы өте маңызды, себебі Google Translate әлемдегі ең заманауи аударма жүйесі. Мұнда жұмыс көп, барлық мәтін дыбысталу керек, студия керек, дикторлар. 150 мыңға жуық жаңа сөз бен сөз тіркесі", - деді Рауан Кенжеханұлы.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, ол бұл жобаның демеушінің қаражатының арқасында жүзеге асырылатынын айтып өтті. Демеуші жобаға 4 миллион теңге бөлген екен. Бірақ әзірше жобаның нақты қашан іске асырылатыны белгісіз. 

"Екі жылда жасауға тырысамыз, Google сервисіндегі әріптестерімізден көмек сұраймыз", - деді Рауан Кенжеханұлы.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама