ПОДЕЛИТЬСЯ
10 сәуір 2018 | 16:52
Хакерлер YouTube желісінде ең көп қаралған видеоны өшіріп тастады
Хакерлер YouTube желісіндегі пуэрториколық музыкант Луис Фонсидің Despacito композициясының видеоклипін өшіріп тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Видеоклип YouТube желісінде абсолют рекорд орнатқан еді.

Қазіргі уақытта видеохостингте оны көру мүмкін емес. Клипті ашқан кезде "қолданушы видеоны өшіріп тастады" деген хабарлама тұрады.
Желі қолданушылары ең танымал видеоның кенеттен өшіп қалуының себебін жариялады.
Болжаммен Prosox немесе Kuroi'SH хакерлік тобы видеоны бұзып кіріп, клиптің жазбасындағы қаруды ұстап, бетперде киген бірнеше адамның суретін қалдырған.
БАҚ мәліметінше, Despacito әнінен бөлек, танымал әншілер Шакира, Тейлор Свифт және Дрейктің де туындылары өшіп кеткен.
Айта кетейік, Despacito 2017 жылы 12 ақпанда жарияланып, жарты жылда үш миллиард қаралым жинады. Таяуда ғана видеоның қаралымы 5 миллионға жеткені туралы хабарланған еді.
Показать комментарии
Читайте также