26 сәуір 2022 | 08:56

Илон Маск Twitter желісін сатып алды

Фото ©REUTERS

Twitter компаниясы SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маск әлеуметтік желіні 44 миллиард долларға сатып алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Twitter компаниясы SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маск әлеуметтік желіні 44 миллиард долларға сатып алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"Twitter, Inc. бүгін Илон Маскқа тиесілі компания бір акцияны 54,2 долларға сатып алатыны туралы түпкілікті келісім жасайтынын мәлімдеді, мәміле шамамен 44 миллиард долларға бағаланады", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Маск пен Twitter өкілдері әлеуметтік желіні 43 миллиард долларға сатуды талқылау үшін кездескен еді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 4 сәуірде америкалық миллиардер, Tesla иесі Илон Маск Twitter әлеуметтік желісінің 9,2 пайызын сатып алып, компанияның ең ірі акционері атанғаны белгілі болды.

Илон Маск Twitter директорлар кеңесіне кірмейтінін мәлімдеді. Кейінірек әлеуметтік желінің бұрынғы акционерлері миллиардерді компанияның акцияларын сатып алу кезінде болған заңбұзушылықтарға байланысты сотқа берді. Осыдан кейін Маск компанияның барлық акциясын 41,39 миллиард долларға сатып алуды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная