28 қазан 2021 09:13

Instagram-да көптен күткен жаңа функция пайда болады

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Иллюстрация: pixabay.com

Енді барлығы Instagram-да Stories-ке гиперсілтеме қоя алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Енді барлығы Instagram-да Stories-ке гиперсілтеме қоя алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұрын сайтқа сілтемелерді тек оқырмандары көп (10 мыңнан астам) және тексерілген парақшалары бар қолданушылар қоса алған.

"Басқа қолданушылардың да маңызды нәрселерді достарымен, отбасымен бөліскісі келетінін естідік. Оқырмандар санына қарамастан, не істесеңіз де, тамақ дайындаудан бастап ерікті болғаныңызға дейін немесе бірнәрсе сатып алғаныңызды да, енді Stories-те бөлісе аласыз", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Гиперсілтеме қосу үшін экранның жоғарғы жағындағы "жапсырмалар" мәзіріне өтіп, қажет түймені таңдап, парақшаның сілтемесін енгізу керек.

Жалған ақпарат тарататын немесе жеккөрушілік сөздері бар ақпаратты жиі бөлісетін парақшалар бұғатталады.

Сондай-ақ, Instagram әкімшілігі бұл мүмкіндік тек Stories-ке арналғанын, компания бұл мүмкіндікті негізгі бетке қосуды жоспарламайтынын атап өтті.

Бұған дейін әлеуметтік желі компьютер арқылы бір минут ішінде суреттер мен видеоларды жүктеу мүмкіндігін енгізген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram