Instagram-да QR-код пайда болды

Фото: pixabay.com

Instagram желісінде QR-код пайда болды. Енді оны кез келген телефоннан сканерлеуге болады, - деп хабарлайды TheVerge.

Instagram желісінде QR-код пайда болды. Енді оны кез келген телефоннан сканерлеуге болады, - деп хабарлайды TheVerge.

Алғаш QR-код Жапонияда былтыр шығарылды. Қазір бұл функция дүние жүзі бойынша кез келген пайдаланушы үшін қолжетімді. Оның ерекшелігі компаниялар QR-кодты шығарып, клиенттеріне сканерлеуге ұсына алады. Сонда олар компанияның парақшасын оңай ашып, жұмыс уақытын не басқа да керегін қарайды.

Мұндай код жасау үшін профильдегі баптау менюіне кіріп, QR-код дегенге басу керек. Содан соң оны сақтап алуға немесе бөлісуге болады. Бұрын Instagram желісінде осыған ұқсас Nametag функциясы болатын, тек оны Instagram камера арқылы сканерлеуге болатын. Енді бұл функцияны толығымен QR-код алмастырады.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама