27 маусым 2018 | 10:12

Instagram-да видеочат пен жаңа эффектілер пайда болды

Камила Долаева Журналист
Фото: © РИА Новости / Наталья Селиверстова

Instagram-ның жаңа нұсқасында бейнеқоңырау мен жаңа камера эффектілері пайда болды. Бұл туралы Instagram ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram-ның жаңа нұсқасында бейнеқоңырау мен жаңа камера эффектілері пайда болды. Бұл туралы Instagram ресми сайтында жазылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір Instagram-да Direct-те бір немесе бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады. (...) Видеочат көмегімен достарыңызға телефон нөмірінсіз iOS және Android арқылы қосыла аласыз", - делінген хабарламада.

Функцияны қолдану уақытында шек жоқ. Сонымен қатар, видеочатты уақытша өшіріп қоюға болады. 

Реклама
Реклама

Жаңарту Explore бөлімінде болған. Онда topic channels (таңдаулы арналар) пайда болды. Бұл басқа пайдаланушылардың әр түрлі тақырыптағы топтамасы. Мысалы, спорт, өнер, сұлулық және сән.

Сонымен қатар, Instagram-да жаңа камера эффектілері шықты. Олар әнші Ariana Grande, NBA, Buzzfeed көмегімен құрылған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram