13 желтоқсан 2021 12:52

Instagram жазбаларды уақыт ретімен көрсету функциясы неге қайтарылғанын түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Instagram басшысы Адам Моссери әлеуметтік желіде жазбаларды уақыт ретімен көрсету функциясы неге қайтарылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Times басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram басшысы Адам Моссери әлеуметтік желіде жазбаларды уақыт ретімен көрсету функциясы неге қайтарылғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tech Times басылымына сілтеме жасап.

Моссери Instagram әзірлеушілері екі нұсқаны сынап жатқанын, бірақ алгоритм моделінен бас тартпайтынын айтты. Енді әлеуметтік желі алгоритмдері жазбаларды қандай ретпен көрсету керек екенін таңдайды. Жазбаларды шыққан уақыты бойынша көрсету функциясынан Instagram 2016 жылы бас тартқан еді.

Хронология бойынша жазбаларды көрсетудің бір нұсқасы пайдаланушыларға парақшаларды белгілеуге мүмкіндік береді, олардың жазбалары ең басында және ретімен көрсетіледі. Екінші нұсқа бойынша, қолданушы тіркелген барлық парақша жазбаларын уақыты бойынша ретімен көруге мүмкіндік береді.

Реклама
Реклама

Моссеридің айтуынша, жаңарту "жақында" іске қосылады, бірақ алгоритм қандай пішінде болатыны нақты айтылған жоқ. Instagram басшысы контент рейтингі маңызды ақпараттарды шығаратынын баса айтты.

Бұған дейін Instagram әлеуметтік желісі 2022 жылдың бірінші тоқсанында жазбаларды уақыты бойынша көрсету функциясын қайтаруды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram