Facebook пен Instagram әлеуметтік желілері ақауларды ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл туралы әлеуметтік желілердің Twitter парақшасында айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Кейбір қолданушылар суреттер мен видеоларды және тағы басқа файлдарды жүктей алмағанын білеміз. Ақаулар үшін кешірім сұраймыз, желілерді тез арада қалыпты режимге қайтарамыз", - делінген екі желінің Twitter-дегі парақшаларында.
Айта кетейік, Facebook пен Instagram желілеріндегі ақауларға бірнеше елдің қолданушылары шағымданған болатын. Олардың ішінде Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Қазақстан, Ресей және тағы басқа елдер бар.