Интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан қаншасыншы орында?

Фото: Тұрар Қазанғапов

WebsiteToolTester компаниясының қызметкерлері Интернет жылдамдығы бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WebsiteToolTester компаниясының қызметкерлері Интернет жылдамдығы бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үздік бестікте - Тайвань, Сингапур, Джерси аралы, Швеция және Дания.

Қазақстан тізімде Бруней, Бразилия, Армения және Мьянмаға есе жіберіп, 216 елдің ішінде (секундына 4,66 мегабит) 122-орынға ие болды. Есепке қарағанда, салмағы бес гигабайт видео жүктеу үшін Қазақстанда орта есеппен екі сағат және 26 минут қажет болады. Салыстырып көрсек, Тайванда орташа жүктеу жылдамдығы секундына 85 мегабит. Мұндай жылдамдықпен видео жүктеуге сегіз минут қана қажет.

Реклама
Реклама

Интернеті ең нашар елдердің қатарында Эфиопия, Түрікменстан, Мавритания мен Йемен бар, бұл елдерде жылдамдығы секундына 300 килобитке тең. Бес гигабайт видео 30 сағатта жүктеледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама