Желіде 21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

viewings icon 525
comments icon 0
Иллюстрациялық фото: pixabay.com Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сyber News сайтына сілтеме жасап.

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сyber News сайтына сілтеме жасап.

Танымал хакерлік форумның аноним пайдаланушысы Google Play-ден үш VPN қызметінің - SuperVPN, GeskoVPN және ChatVPN-нің үлкен дерекқорын сату туралы ұсынысын жариялаған. Оны киберқауіпсіздік бойынша сарапшылар тапқан. 

Онда 21 миллионға жуық адамның жеке шоты, соның ішінде пайдаланушының тұратын жері, оның электрон поштасы, логиндері мен құпия сөздері, жасаған төлемдері мен премиум-шоттардың қызмет ету мерзімі жинақталған. Кейбіреуінде құрылғы туралы мәлімет, телефон модельдері, сериялық нөмір мен халықаралық абонент идентификаторлары (IMSI) бар.

Реклама
Реклама

Хакер форумда бұл деректерді қалай алғанын жайып салды. Айтуынша, ол сервистер өз серверлеріндегі құпия сөздерді ұзақ уақыт өзгертпегенінің салдарынан базаға ене алған. Қазіргі уақытта SuperVPN, GeskoVPN және ChatVPN өкілдері пайдаланушылардың жеке ақпараттары алынғаны туралы сауалға жауап берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная