10 наурыз 2021 16:36

Желіде тасжолдағы "мұз айдынын" көрсету үшін жолда сырғанаған ер адамның видеосы тарады

Желіде Нұр-Сұлтан - Теміртау тасжолындағы көктайғақтың видеосы пайда болды. Куәгерлер жол мұз айдынына айналғанын айтып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Нұр-Сұлтан - Теміртау тасжолындағы көктайғақтың видеосы пайда болды. Куәгерлер жол мұз айдынына айналғанын айтып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да жарияланған кадрларда бір ер адам видео 10 наурызда таңғы сағат 10 шамасында Нұр-Сұлтан - Теміртау тасжолында түсірілгенін хабарлайды. Онда тағы бір ер адам жол қаншалық тайғақ екенін аяқымен сырғанап көрсетеді. 

Реклама
Реклама

Тағы бір видеода жүргізуші Нұр-Сұлтан - Қарағанды тасжолында қатты көктайғақ екенін, көліктер сағатына 20-30 шақырым жылдамдықпен жүретінін ескертті. Алайда видеоның қашан түсірілгені белгісіз.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіндегілер қазір жолдар ашық екенін мәлімдеді. Мамандар жол ылғал екенін, бірақ мұз қатпағанын видеоға түсіріп көрсетті.

Компания өкілдері кеше де, бүгін де Нұр-Сұлтан - Теміртау тасжолы жабылмағанын атап өтті. 

Еске салайық, 10 наурызда Нұр-Сұлтан, Ақмола және Қарағанды облыстарында көктайғақ пен қатты желге байланысы ескерту жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram