Жыл соңына дейін Қазақстанның үш қаласында 5G пайда болады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
 ©Tengrinews.kz фотоколлажы ©Tengrinews.kz фотоколлажы

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанда "бесінші буын" байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанда "бесінші буын" байланыс желісін енгізу мәселелері туралы кеңес өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кеңес барысында цифрлық экономика мен заттар интернетін дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа технологияны енгізудің ықпалы талқыланды (IoT).

ҚР Үкіметінің басшысы берілетін деректердің ағымының жылдамдығы мен өткізгіштік қабілетін арттыру ТКШ, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салаларында жобаларды іске асыруда телемедицианы дамыту, Smart City компонентерін енгізу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру т.б. тұрғысынан салмақты серпін беретінін баяндады.

ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтерінше, Қазақстан АҚШ, Оңтүстік Корея, Швейцария, Эстония елдерімен қатар жаңа желіні енгізуді пилоттауға көшкен әлем елдерінің ондығына кіреді.

Ел аумағын 5G қамту үшін инфрақұрылым жасау бойынша жұмыстар аясында осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында пилоттық жобаны іске асыру жоспарланған. Жалпы, 5G байланыс желісімен адамдар саны 50 мыңнан асатын барлық елді мекендер қамтылады деп күтілуде.

Талқылау қорытындысы бойынша ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Қазақстанда 5G енгізу бойынша Шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Кеңеске ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қ. Есекеев және т.б. қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.01  course up  530.45  course up  5.23  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer