25 тамыз 2020 | 15:46

Қазақстанда жалған әуе билеттерін сатқан сайттар жабылды

Фото: tripaways.com

Елімізде жалған әуе билеттерін сатқан сайттар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Елімізде жалған әуе билеттерін сатқан сайттар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне сілтеме жасап.

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметіне Group-IB (Ресей) авиабилеттерді онлайн сатып алуға арналған 26 алаяқтық интернет-ресурс  анықталғаны туралы хат келіп түсті.

Реклама
Реклама

KZ-CERT мамандары Қазақстанның аумағында 2 алаяқтық схеманы анықтап, оны "Интернет желісіндегі фишинг" деп таныды.

"Пайдаланушыларға билеттерді тиімді баға бойынша сатып алу ұсынылған. Билет пен ақы төлеу нысанын таңдағаннан кейін пайдаланушыдан өзінің банк картасының деректерін (несие каратасының нөмірі, CVV-код) енгізуді өтінген. Пайдаланушы ақы төлеуді жүзеге асыруға келісім берген соң оның несие картасының деректері алаяқтарға өткен. Мұны пайдаланушы байқамаған", - делінген хабарламада.

KZ-CERT қызметі мұндайға жол бермеу мақсатында төмендегі кеңесті береді:

1.  ИР тіркелген күнін whois.net, pr-cy.ru немесе cy-pr.com сервистерінің көмегімен тексеру.  Хостинг-провайдері тарапынан домен қызметінің тоқтатылуына байланысты алаяқтық ресурстар бір-екі айдан артық жұмыс істемейді;

2.   Мекенжай жолының ИР ресми атауына сәйкестігін тексеру;

3.   Билетке төлеу тәсілін тексеру. Көптеген жағдайларда ақы төлеу онлайн-банкинг арқылы төлеу есебінен жүзеге асырылады. Егер сізден ақшаны әмиянға немесе картаның нөміріне аударуды сұраса — сіздің алдыңыздағы зиянкес. Компаниялар шоттарды жеке тұлғаларға немесе Web Money түріндегі сервистерде ресімдемейді;

4.   Егер ол әлдеқашан сатып алынған болса, билеттерді PNR (сіздің билетіңізде көрсетілген ерекше бірегей код) коды бойынша белгілі брондау жүйелерінде тексеру (viewtrip.com, checkmytrip.com, myairlines.ru);

5.   Қолдау қызметінің бар болуын және оның хабарламалар мен қоңырауларға қаншалықты тез әрекет ететінін тексеру. Сондай-ақ сатушы мен олардың басқа ресурстардағы белсенділігі туралы пікірлерді алдын ала табу қажет.  

"Егер Сіз ақпараттық қауіпсіздік инцидентінің құрбанына айналсаңыз, біздің мамандарға 1400 (тәулік бойы) ақысыз номері бойынша хабарлауды немесе https://www.cert.gov.kz/notify-incident сілтемесі арқылы өтінім, не incident@kz-cert.kz email-ге хат жіберуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная