ПОДЕЛИТЬСЯ
27 шілде 2021 | 12:59
Қазақстанда LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды
Қазақстанда іскерлік байланыс орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда іскерлік байланыс орнату және іздеуге арналған LinkedIn әлеуметтік желісі бұғатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желі қолданушылары 26 шілдеде кешке сайтқа кіру мүмкін емес екенін айтып, шағымдана бастаған.
Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, LinkedIn-ге қолжетімділік интернет-ресурс тарапынан заңбұзушылық тіркелуіне байланысты шектелген. Желіні талдау барысында интернет-казино жарнамасы және жалған парақшалар тәрізді деректер анықталған.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сайтқа ескерту жолдаған, бірақ "Linkedin интернет-ресурсының әкімшілігі тарапынан заңбұзушылықты жою бойынша шаралар қабылданбаған".
"Осыған байланысты министрлік "Байланыс туралы" заңның 41-1-бабында көзделген тәртіппен интернет-ресурсқа кіруді шектеу жөнінде шаралар қабылдады.
Бұл ретте, Linkedin интернет-ресурсы заңнаманы бұзу деректерін жойған жағдайда, қолдануға мүмкіндік қайтадан беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.
LinkedIn - бұл іскерлік қарым-қатынас, қызметкерлерді іздеу және бос жұмыс орындарын жариялауға арналған әлеуметтік желі. 2016 жылы компанияны Microsoft 26 миллиард долларға сатып алған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также