31 тамыз 2021 | 18:16

Қазақстанда WhatsApp арқылы қоңырау шалу ақылы болмайды - министр

Дина Шарипханова Корреспондент

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомство қызметіне қатысты бірнеше қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ведомство қызметіне қатысты бірнеше қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұмысқа бара жатқанда мынадай "жаңалықтардың" шағын тізімін жасадым", - деп жазды Мусин Instagram-парақшасында.

Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әлеуметтік желілерді бұғаттауды жоспарламайтынын айтты. Оның айтуынша, бұл мәселе былтыр талқыланған, бірақ биыл Желіде бұл тақырып қайтадан көтерілген.

Реклама
Реклама

"Деректерді жіберу тарифтері қоңырау шалу тарифіне теңестірілмейді. Министрлік WhatsApp-та қоңырау шалу және хабарлама алмасу үшін ақы ала алмайды және алмайды", - деді министр.

Сондай-ақ, ол серверін Қазақстанға көшірмеген домендік ресурстардың ажыратылуына қатысты пікір білдірді. Мусиннің айтуынша, серверлерін Қазақстанға өткізіп жатқан домендер үнемі байланыста. Қазақстанда бірдеңені бірден өшіру жоспарланбаған, деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная