Қазақстандық Konina Power командасы PUBG MOBILE бойынша әлемдегі үздік алтылыққа кірді

Konina Power. Фото Instagram/@koninapower

Қазақстандық Konina Power командасы БАӘ-де өткен PUBG MOBILE GLOBAL CHAMPIONSHIP 2020 әлем чемпионатының финалында алтыншы орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық Konina Power командасы БАӘ-де өткен PUBG MOBILE GLOBAL CHAMPIONSHIP 2020 әлем чемпионатының финалында алтыншы орынға ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

29 айналымнан тұрған әлем чемпионаты төрт күнге созылды. Жарыстың алғашқы күндері қатысушылар интернетке қосыла алмай, ойын кейінге қалдырылды. Сонымен қатар, ойыншылардың қауіпсіздігі үшін командалар қонақ үй бөлмелерінде отырып ойнаған.

Әлем чемпионы атағын Гонконгтың NOVA ESPORTS командасы иеленді. Екінші орынға қытайлық FOUR ANGRY MEN, үшінші орынға Моңғолияның ZEUS ESPORTS командасы тоқтады. Жарыстың жүлде қоры - 2 миллион доллар.

Реклама
Реклама

Konina Power құрамында қазақстандық Дамир Axzcer Омаров, Нұрсұлтан Gonzo Нартбаев және Асқар DGR Ахметов және белорустық Евгений BLVCKwhite Балашов ойынға қатысты. Моңғолиядағы эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты турнирге Даваадорж RobdiNNi Мункхбат қатыса алмады. Оны Team Unique негізгі ойыншыларының бірі - Иван FROZEN Леонтьев алмастырды.

Konina Power құрамасы 2020 жылдың ақпан айында құрылды. Олар қазақстандық киберспортта ғана емес, бүкіл ТМД-дағы басты жаңалыққа айналды. Бір жыл ішінде команда Еуропа, ТМД чемпионатын жеңіп, әлемдік лигада үшінші орын алды.

PUBG Mobile - корольдік шайқас жанрындағы онлайн ойын. Ойынға жүзге жуық ойыншы қатысады. Ойын барысында олар басқа қатысушыларды өлтіру үшін қару-жарақ іздеп, ойын соңына дейін тірі қалу жолында күреседі. Соңғы тірі қалған ойыншы немесе команда раунд жеңімпазы атанады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама