ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2021 | 17:39
Қазақстандықтар 2021 жылы Google-да не іздеді?
Google қазақстандық қолданушылардың 2021 жылы жиі іздеген ақпараттары рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Google сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Google қазақстандық қолданушылардың 2021 жылы жиі іздеген ақпараттары рейтингін ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Google сайтына сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша, жыл аяғында қазақстандықтар биыл қандай ақпаратты жиі іздегенін білу үшін миллиондаған дерек талданған.
Талдаушылар мәліметі бойынша, Google-дан Қазақстанда ең жиі ізделген сайт "Онлайн мектеп" болған.
"Қазақстандық Google қолданушыларының білім беру ресурстарына деген жоғары қызығушылығы екінші жыл қатарынан көш бастап тұр: дайын үй жұмысы сұраныстардың алғашқы ондығында, Білім ленд, Күнделік кз кіру және Нұр сабақ. Сондай-ақ, қазақстандықтар ұлттық санақ, Еуро - 2020 Чемпионаты және "Игра в кальмара", "Атака титанов" және "Истинная красота" сериалдары туралы ақпарат іздеген", - делінген хабарламада.
Жиі ізделген тақырыптар:
- Онлайн мектеп
- ДҮЖ
- bilimland.kz
- Nursabaq.com
- "Игра в кальмара"
- Евро 2020
- Sanaq.gov.kz
- "Атака титанов"
- Kundelik.kz
- "Истинная красота"
Қазақстандық Google қолданушыларының нұсқасы бойынша Жыл фильмі - "Веном 2" триллері. Сондай-ақ, Жыл фильмі санатындағы ең танымал сұраулары қатарына "Лига справедливости Зака Снайдера", "Отряд самоубийц 2", "Круэлла" картиналары, "Душа" мультфильмі және Marvel Universe-тің "Вечные" жаңа фильмі кірген. Сонымен қатар, ондыққа "Гнев человеческий", "Черная вдова", "Красное уведомление" және "Мортал комбат" кіреді.
Жиі ізделген фильмдер:
- "Веном 2"
- "Лига справедливости Зака Снайдера"
- "Отряд самоубийц 2"
- "Круэлла"
- "Душа"
- "Вечные"
- "Гнев человеческий"
- "Красное уведомление"
- "Мортал комбат"
- "Черная вдова"
"Сериал" санатындағы үздік үштікке сенсация болған "Игра в кальмара", "Атака титанов" анимесі және "Истинная красота" драмасы кірді. Қазақстандықтар арасында бұрынғысынша түрік және Оңтүстік Корея сериалдары фаворит, биыл ең танымал сериалдар қатарында – "Королева Чорин" және "Винченцо" дорамалары және "Постучись в мою дверь" түрік сериалы бар. Сондай-ақ, отандық "Токийские мстители" және "Обещанный Неверленд", Netflix-тен "Джинни и Джорджия" және ресейлік "Трудные подростки" сериалы топ-10-ға кірді", - дейді сарапшылар.
Жиі ізделген сериалдар:
- "Игра в кальмара"
- "Атака титанов"
- "Истинная красота"
- "Королева Чорин"
- "Токийские мстители"
- "Джинни и Джорджия"
- "Постучись в мою дверь"
- "Винченцо"
- "Трудные подростки" 3-сезон
- "Обещанный Неверленд"
2021 жылы "Сатып алу" санатында төртінші жыл қатарынан теміржол билеті көш бастап тұр. Сондай-ақ, қазақстандықтар Алматыда пәтер сатып алу, ұшақ билеті, кино мен Медеу, бассейн, желдеткіш пен көмір сатып алу туралы ақпарат іздеген.
Сатып алу санаты бойынша:
- Темір жол билеті
- Алматыда пәтер
- Ұшаққа билет
- Бассейн
- Көлік
- Желдеткіш
- Медеу билет
- Сәтті жұлдыз онлайн билет алу
- Киноға билет
- Астанада көмір сатып алу
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также