18 наурыз 2021 | 14:25

Қазақстандықтар "аспаннан қармен түскен жәндіктерді" талқылап жатыр

© stopfake.kz

Қазақстандықтар микроскоппен көрінетін қара түсті ұсақ жәндіктер түсірілген видеоны талқылап жатыр. Ролик авторы олар қармен бірге жауған дейді. Кейбіреуі бұл жасанды құбылыс, сондықтан зиянкестерді жауын-шашынмен бірге ұшақтардан жаудырады деген пікірде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар микроскоппен көрінетін қара түсті ұсақ жәндіктер түсірілген видеоны талқылап жатыр. Ролик авторы олар қармен бірге жауған дейді. Кейбіреуі бұл жасанды құбылыс, сондықтан зиянкестерді жауын-шашынмен бірге ұшақтардан жаудырады деген пікірде, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Stopfake.kz журналистері ақпарат жалған екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Біріншіден, қазақстандықтар талқылап жатқан видеода түсірілімнің уақыты да, орны да көрсетілмеген. Сондай-ақ, автор микроскоппен қарап жатқан жәндіктердің қармен бірге жауғанын көрсететін кадрлар жоқ. Демек, олардың қар жауғаннан кейін жерден табылғанын растау мүмкін емес.

Екіншіден, 2019 жылы наурызда Самара облысында және 2020 жылы наурызда Башқұртстанда жауын-шашынмен бірге жәндіктер жауғаны туралы хабарлама болған. Ол кезде ғалымдар қоңыздар аспаннан түсіп, адамдарға қауіп төндіруі мүмкін деген теорияларды жоққа шығарған болатын.

Мамандардың айтуынша, табылған жәндіктер - қар еріген кезде жер бетіне шығатын қанатсыз қоңыздар. Олар Альпі мұздықтарында жиі кездеседі. Мұндай қоңыздардың жаппай қаптауы Самара облысына да, Башқұртстанға да тән емес, бұл оқиғалардың осындай резонанс тудырғаны да сондықтан. Сонымен қатар, мамандар мұндай жәндіктер қауіпті емес және зиянкестер болып саналмайтынын атап өтті", - делінген сайтта. 


Видеодан алынған кадрлар 

Ақпарат бойынша, қоңыздарды ұшақтан тастағаны туралы гипотеза химтрейлдер теориясына негізделген болуы мүмкін.

"Ал оның жалған екені әлдеқашан дәлелденген. Дегенмен, оны жақтаушылар ұшақтар әлемдік үкіметтің бұйрығымен қалалар мен елдерге қауіпті саналатын химиялық заттарды шашады дегенге әлі де сенеді. Бұған дейін біз қазақстандықтардың ұшып өткен ұшақтардың конденсациялық іздерін және ерекше формадағы бұлттарды шашылған удың іздері деп ойлайтыны туралы жазған болатынбыз", - делінген Stopfake.kz сайтында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная