ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мамыр 2022 | 11:20
Қазақстандықтар интернет арқылы көбіне қандай тауар сатып алатыны анықталды
Биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, қазақстандықтар 19,1 триллион теңгеге қолма-қол ақшасыз есеп айырысқан. Бұл былтырмен салыстырғанда бір жарым есе көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Портал мәліметінше, қазақстандықтар 2019 жылмен салыстырғанда биыл бір тоқсанның өзінде 43 пайызға артық қолма-қол ақшасыз есеп айырысқан.
Айта кетейік, интернет және ұялы телефон арқылы жүргізілген онлайн-төлемдердегі қолма-қол ақшасыз төлеу 84,2 пайызға жеткен.
Басылым бүгінде интернет арқылы күнделікті қолданатын қарапайым тауарлар мен эксклюзив заттарға дейін сатып алуға болатынын атап өтті. Қазақстанда көбіне онлайн сатып алынатын тауарлар мыналар:
• киім, аяқкиім, спорттық тауарлар;
• азық-түлік;
• үйде қолданатын тауарлар;
• дәрі-дәрмек;
• телеком қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также