ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қазан 2020 | 11:06
Қазақстандықтар Желідегі ақауларға шағымданып жатыр
Бүгін таңертең қазақстандықтар интернеттегі ақауға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін таңертең қазақстандықтар интернеттегі ақауға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Кейбір әлеуметтік желі пайдаланушыларының айтуынша, қазақстандық сайттарға кіру мүмкін болмаған. Кей әлеуметтік желі мен мессенджерлер де жұмыс істемеген.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт қалада жоспардан тыс жұмыстар жүргізілді.
"2020 жылдың 14 қазанында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 00.00-ден 09.00-ге дейін Алматы, Ақтөбе, Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларында "мемлекеттік техникалық қызмет" РМК жабдықтарында жоспардан тыс жұмыстар жүргізілді", - делінген министрліктің хабарламасында.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также