19 қазан 2019 | 16:49

Қазақстандықтар өз атына қанша нөмір тіркелгенін тексере алады

Қазақстандықтар өз атына қанша телефон нөмірі тіркелгенін тексере алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар өз атына қанша телефон нөмірі тіркелгенін тексере алады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Енді қазақстандықтар өз атына қанша ұялы байланыс нөмірі тіркелгенін біле алады. Бұл сервис мына сілтеме бойынша қолжетімді.

Реклама
Реклама

Абонентке тіркелген нөмірлер санын білу үшін азаматтың ЖСН-ін енгізу жеткілікті. Жүйе тіркелген нөмірлердің санын және қандай ұялы операторды да көрсетіп береді.

Егер абонент өзінің жеке сәйкестендіру нөміріне белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгенін анықтаған жағдайда Телекоммуникациялар комитеті белгісіз нөмірді жаптыруды ұсынады.

"Бізге азаматтар өз аттарына белгісіз телефон нөмірлерінің тіркелгені туралы  жиі шағымданады. Сондықтан да біз қазақстандықтарға өз атына тіркелген нөмірлердің санын тексеруді ұсынамыз, себебі сіз сол нөмірді пайдалану үшін жеке жауапкершілік аласыз", - дейді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу аяқталды. Қазіргі уақытта барлық мобильді телефондар SIM-карта иелерінің ЖСН-на байланған. 2018 жылдың ішінде өз ЖСН-ын SMS арқылы тіркемеген абоненттердің телефондары автоматты түрде тіркеліп (2019 жылдың 1 қаңтарына), пайдаланылатын SIM-карталарға байланған.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная