ПОДЕЛИТЬСЯ
10 мамыр 2022 | 11:07
Криштиану Роналду қызына ерекше есім берді
Манчестер Юнайтед пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мен оның жары Джорджина Родригес қызына ат қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Манчестер Юнайтед пен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду мен оның жары Джорджина Родригес қызына ат қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сәби 18 сәуірде дүние есігін ашты. Ерлі-зайыпты отбасында егіз дүниеге келуі керек еді, алайда босанғаннан кейін көп ұзамай ұл бала шетінеп кетті. Ал аман қалған қыздың есімін Джорджина Instagram-да жариялады.
"Белла Эсмеральда. 180422", - деп жазып, алғаш рет нәрестенің суретін көрсетті.
Белла Эсмеральда - Роналду мен Родригестің екінші баласы. 2017 жылы модель спортшыға қыз тапты, есімі - Алана Мартина. Сондай-ақ, Криштиану суррогат анадан туған үлкен ұлы кіші Криштиану және егіз Ева мен Матеоны тәрбиелеп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также