Мәсімов Instagram желісіне тіркелді

© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Instagram желісінде алғашқы жазбасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жаңадан ашылған kmassimov парақшасында Қазақстан премьер-министрінің "Астана-дуатлон 2016" турниріндегі видеосы жария болды. 

"Тәні саудың - жаны сау. "Астана-дуатлон-2016" ашық қалалық турнирі", - делінген видеоның сипаттамасында.

Реклама
Реклама

Спорт жарысы үш дистанциядан тұрды - бес шақырымға жүгіру, 15 шақырым жолды велосипедпен жүріп өту және қайтадан 5 шақырым жүгіру. Үкімет басшысымен қатар жарысқа Президент Әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстан Даму Банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов және басқалар қатысты. Дуатлонға жалпы шамамен 500 адам қатысты.

Осыған дейін Кәрім Мәсімовтің араға төрт жыл салып, Twitter желісінде қайтадан жазба жаза бастағаны белгілі болған еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама