Мәжілістің Instagram әлеуметтік желідегі аккаунты бұзылды

ҚР Парламент Мәжілісінің Instagram әлеуметтік желідегі парақшасы бұзылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Mazhilis_kz деп аталған бұл аккаунтқа бұған дейін кеңейтілген отырыс барысында түсірілген суреттер жарияланып, қысқаша сипаттама жазылатын еді.

Реклама
Реклама

Дегенмен қазір аккаунттың атауы өзгертіліп, ондағы сипаттама мазмұны да өзгерген. Аккаунтқа қазірге дейін 6 641 адам жазылып, 272 хабарлама жарияланыпты. Айта кетейік, Мәжілістің Facebook әлеуметтік желіде де ресми парақшасы бар.

Мәжілістің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы қателіктер қазір жойылып жатыр. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің өкілдері аккаунттың бұзылғанын бүгін таңертең білгендерін айтты. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама