ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 31 мамыр 2020 10:10
Мектеп түлектері аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастады. Видео Қазнетте талқыға түсті
Қазнетте аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған түлектердің видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram-дағы ztb_kz парақшасында жарияланды. Жігіттердің әрекетіне Желі қолдаланушылары наразы болды. Себебі құжатта мемлекеттік рәміз - Қазақстан елтаңбасы бейнеленген.
Кейін түлектер кешірім сұрап, видео түсірді. "Құрметті қазақстандықтар, ұстаздар, балалықпен жасаған қателігіміз үшін кешірім сұраймыз. Біз аттестаттың болашағымыз үшін маңызды екенін түсінеміз. Біз елтаңбамызды құрметтейміз. Біз істеген ісімізге өкінеміз", - деді олар.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу