Messenger қосымшасын енді Facebook аккаунты жоқтар да пайдалана алады

Messenger қосымшасын енді Facebook аккаунты жоқтар да пайдалана алады © lenta.ru

Messenger қосымшасын енді Facebook әлеуметтік желісіне тіркелмегендер де пайдалана алады, - деп хабардлайды Lenta.ru.

Басылымның хабарлауынша, әлеуметтік желіге тіркелмегендер қосымшаның бастапқы бетіндегі Not on Facebook опциясы арқылы аккаунт ашып, аты-жөнін, телефон номері мен суретін енгізе алады. Бұл мүмкіндікті әзірше АҚШ, Канада, Перу мен Венесуэла тұрғындары ғана пайдалана алады. Басқа елдерде қолданысқа қашан енгізілетіні белгісіз. Messenger қосымшасының жаңа қолданушысының телефонында номері жазылған адамдармен байланыс орнатуға мүмкіндігі бар.

2015 жылдың маусымындағы ақпарат бойынша, Messenger қосымшасын айына 700 миллион адам қолданады. Facebook компаниясына тиесілі WhatsApp мессенджері қолданушының саны жағынан екінші орында тұр. Әлеуметтік желі қосымшаны 2014 жылдың басында 16 миллиард долларға сатып алды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, маусымда Facebook әлеуметтік желісін қолданатындар саны 1,4 миллиардқа жетті. 

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама