ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қараша 2021 | 12:04
Meta хабарламаларды шифрлау функциясын 2023 жылы енгізеді
Құрамына Facebook желісі кіретін Meta компаниясы хабарламаларды шифрлау функциясын 2023 жылы енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Құрамына Facebook желісі кіретін Meta компаниясы хабарламаларды шифрлау функциясын 2023 жылы енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Business Insider сайтына сілтеме жасап.
The Guardian басылымының мәліметінше, бұл процесс бұған дейін 2022 жылы басталады деп жоспарланған болатын, бірақ компания оның 2023 жылға дейін кешіктірілетінін жариялады.
"Бәрін дұрыс жасау үшін асықпаймыз, 2023 жылға дейін барлық хабар алмасу қызметіндегі шифрлауды жаһандық деңгейді аяқтауды жоспарламаймыз", - делінген Meta қауіпсіздік бөлімінің басшысы.
Басылымның мәліметінше, кідірістің себебі - қолданушылардың қауіпсіздігі, өйткені Meta шифрлау функциясы платформаларда қылмыстық әрекетті бақылауға кедергі келтірмейтініне көз жеткізгісі келеді.
Жаңа шифрлау жоспарына сәйкес, Meta өзінің платформаларындағы теріс қылықтарды анықтау үшін шифрланбаған деректерді, есептік жазба туралы ақпаратты және қолданушылардың хабарламаларын қолдана алады, осыған жүйе WhatsApp-та жұмыс істейді. Шифрлау кезінде хабарламалар тек жіберуші мен алушыға көрінетіндіктен, бұл платформадағы кез келген қылмыстық әрекеттерді анықтауда қиындық келтіруі мүмкін.
WhatsApp-та шифрлау, сондай-ақ, бейне және дауыстық қоңыраулар бұған дейін жасалған. Енді Messenger мен Instagram-да шифрлауды аяқтау жоспарланып отыр. Бұл екі платформа өткен жылы біріктіріліп, Meta Instagram және Messenger қолданушыларына әртүрлі платформаларда хабарлама жіберуге мүмкіндік берді. Осылай біріктірілуіне байланысты Марк Цукерберг екі платформада да шифрлау жүзеге асатынын жариялады.
Бұрын Meta жарнама саясатын өзгертетінін жариялады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также