Microsoft өкілдері Internet Explorer браузерін пайдаланудан бас тартуды ұсынды

Дина Муратова Редактор
© Фотоколлаж Tengrinews.kz

Microsoft компаниясының киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Крис Джексон (Chris Jackson) Windows IT Pro ресми блогында Internet Explorer браузерін пайдаланудың қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Microsoft компаниясының киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Крис Джексон (Chris Jackson) Windows IT Pro ресми блогында Internet Explorer браузерін пайдаланудың қауіпті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның себебі Microsoft браузерді жаңартуды 2015 жылдан бері тоқтатқан. Internet Explorer жаңа веб-стандарттарды көрмейді, яғни ол ескірген. Бірақ, көптеген сайт пен сервер, браузерді әлі де негізгі браузер ретінде қолданады. Керісінше, Google Chrome, Firefox және Microsoft Edge сияқты браузерлерді дұрыс пайдаланбайды.

Реклама
Реклама

"Internet Explorer - басқа бағдарламалармен сәйкестендіру үшін жасалған браузер. Қазіргі уақытта ол жаңа веб-стандарттарды көрмейді, көп қолданушылар оны қолданғанымен, қазіргі кезде браузер мүлде жаңармайды", - деді Крис Джексон. 

Microsoft компаниясы жақын арада жаңартылған Chromium базасында жасалған Microsoft Edge шығармақшы. Ол Windows 10-нан бөлек, Windows 7, Windows 8, Mac, Linux-та да қолданылады екен. Джексонның айтуынша, Microsoft Edge веб-стандарттарды өзгертуде бірінші болатынын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная