24 қазан 2019 | 12:58

Министрлік ұялы байланыстың өшірілуін түсіндірді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің өкілдері ұялы байланыстың жаппай істен шығуын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің телекоммуникация комитетінің өкілдері ұялы байланыстың жаппай істен шығуын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Комитет төрағасы Виталий Ярошенко 2019 жылы 1 қаңтарда Қазақстанда абоненттік нөмірлерді тіркеуге алу процесі аяқталғанын және барлығы тіркелгенін айтты. Бұл - ұялы телефон ұрлығымен және алаяқтықпен күрес үшін жасалған шара. 

Реклама
Реклама

"2019 жылы 1 қаңтарында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу бойынша нормалар күшіне енді, соған сәйкес ұялы байланыс операторына ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы бойынша байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынады. ЖСН-іңізге "байланған" Аппарат Сізге тіркелген SIM-карталармен ғана жұмыс істейтін болады. Басқа SIM-карталармен бұл аппарат жұмыс істемейді. Сіздің ЖСН-ді телефонға байланыстыруды арнайы сервис арқылы тексере аласыз", - деді ол.

Ол сондай-ақ соңғы күндері нөмірлерді өшіру туралы шағымдардың саны артқанын айтты. Оның айтуынша, бұл қазақстандықтардың қанша нөмір тіркелгенін білуге мүмкіндік береді. Телефон нөмірлерін пайдалану үшін жауапкершілік олардың иелеріне жүктеледі, сондықтан адамдар "қосымша" нөмірлерді өшіріп жатыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная